Издатель: | Мазмұндама |
Жанры | Хикаят |
Авторы: | Тиезов Мағзум |
Страницы: | 368 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN13: | 9786013630298 |
Біз қазақ балалар әдеби ертегісінің, соның ішінде прозалық әдеби ертегінің бастау көздерін халқымыздың ауыз әдебиеті мұрасынан, халық шығармашылығының асыл қазынасынан іздейміз. Негізінен, фольклорлық ертегі эпикалық жанрдың бірі болып табылады. Ол өзінің баяндау ерекшелігімен көзге түседі. Мұнда оқиға ойдан шығарылады және ол шындық өмірге сәйкес келмейді. Халық ертегілерінің кейіпкерлері түрлі шытырман оқиғаларда өзгеше қасиеттерімен көрінеді, хайуанаттары адамша сөйлейді, адамша қимыл-әрекет қылады және бұған фантастикалық тіршілік иелері мен ғажайып заттар қатыстырылады. Персонаждар бейнелеуінде олардың жинақтық мазмұнда көріну тенденциясы басымырақ. Мұнда кейіпкерлердің портреттік және психологиялық мінездемелері ықшамдалып беріледі. Олар диалог пен әрекет арқылы танылады. Ертегі – көп функциялы жанр. Басты функциясы p – эстетикалық, алайда тәрбиелік, танымдық, уағыздық, әлеуметтік қағидалар да қоса өріледі. Қазақ халық ертегілері жайындағы кешенді ой-пікірлер мен іргелі зерттеулерді М. Әуезовтің, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Қ. Жұмалиевтың, С. Мұқановтың, С. Сейфуллиннің, Е. Ысмайыловтың, М. Ғабдуллиннің еңбектерінен кездестіреміз.