Тиезов Мағзум

Мағзум Тиезов

Мағзұм Тиесов  (1904–1973) Ақмола облысының Қорғалжын ауданында (№4 ауылда) туған. 

1930 жылы Қазақпросты бітірген соң, Мәскеу университетінің филология факультетіне түскен. 1932 жылы Қазақстанға оралып, «Қаратау кеншілері» газетінің редакторы, орта мектеп директоры, педагогикалық училище оқытушысы қызметін атқарған. 

1941 жылы «Үкілі колхоз» газетінің партия бөліміне меңгеруші болып тағайындалған. Кейін облыстық партия комитеті аппаратында істеген. 1951 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітіріп, «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Казахстанская правда» газеттерінде істеген. 1960 жылы дербес зейнеткерлікке шыққан.

«Отарды аман сақтап» повесі, әңгімелер жинағы, очерктер жинағы жеке кітап боп шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Шопан ата. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Дала перзенті. А., «Жазушы», 1968; Бақытты бозторғай. Ертегілер. А., «Жазушы», 1974; Қаз дауысты Қазыбек. Повесть. А., «Жазушы», 1979.

Найдено 1 книг
Ананың асыл арманы
2023
Біз қазақ балалар әдеби ертегісінің, соның ішінде прозалық әдеби ертегінің бастау...
Книг на странице: