Авторы: | Асқаров Асанбай |
Переплет: | Мягкий переплет |
ISBN10: | 5605014374 |
Асанбай Асқаровтың ақындығына ешкім де шүбә келтіре алмас деп ойлаймыз. Оның жазған дүниелерінде өміріміздің сәулелі және көлеңкелі жақтары бейнеленеді. Әсіресе, оның өз тағдырының тәлкекке түскен шағындағы жазған өлеңдері бүгінгі күннің аласапыран, сүреңсіз әрекеттерін, адам өмірінің ойыншыққа айнала бастағанын әрі өткір, әрі көркем тілмен жеткізе біледі, ащы да болса ашып айтады.
Жинаққа ақынның түрмеде және одан бұрынырақта жазған өлеңдерінен іріктеліп алынған дүниелер және Қазақстан ақын жазушыларының, қарапайым еңбек адамдары мен зейнеткерлердің Асекеңе арнап жазған кейбір өлеңдері кіріп отыр.
Жинақ үш бөлімнен тұрады. Біріншісі - "Көңілдің кейбір сәттері", екіншісі - "Өмірдің жарқын беттері", үшіншісі - "Халықтың жүрек от-лебі" деп аталады.
Кітаптың бағасын поэзия сүйетін оқырман қауым өздері бере жатады деп сенеміз.