Асанбай Асқарұлы Асқаров (1922 жыл 15 қыркүйек Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы - 2001 жыл 13 тамыз, Алматы) — көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері, Алматы (1959-1965), Жамбыл (1965-1978) және Шымкент (1978-1985) облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері (1982).
Дулат тайпасының Ботбай руынан шыққан. Орта ғана шаруасы бар әкесі Асқар 1930 жылы қайтыс болды. Асекеңнің атасы Асылбек би болған, ол 1916 жылы Ақкөз батыр бастаған көтеріліске қатысқан.