Издатель: | Атамұра |
Жанры | Әңгімелер |
Авторы: | Бөкей Оралхан |
Страницы: | 204 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN10: | 9965058921 |
Алтайдың жыршысы, асқақ рухты қаламгер Оралхан Бөкейдің шығармалары қаймана қазақтың жадында мәңгілікке сақталғаны анық. Әлемдегі классикалық туындылардан еш кем түспейтін Оралханның әңгімелері ойлы жұрттың санасын сілкіп, өмірге шексіз махаббатпен қарауды үйретті. Оқырманның үдесінен шыға білген жазушының әуелгі арманы да сол еді. Шығармаларының ішіндегі «Кербұғы» әңгімесі – қаламгердің қазақ әдебиетіндегі қолтаңбасы деуге толық негіз бар. Қысқаша әңгіменің ішіне алпауыт идеялардың айсбергін сыйдырған жазушының шеберлігіне қайран қалмасқа шара жоқ. Байыптап қарасақ, жануардың жан аярлық халі арқылы өзінің де ішкі әлемін оқырманға паш еткендей әсер қалдырады.