Бөкей Оралхан

Оралхан Бөкей

Оралхан Бөкей (28.09.1943Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылы — 17.05.1993ҮндістанДели қаласы, Алматыда жерленген) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Найман тайпасы Көкжарлы Қаратай руынан шыққан.[1][2]

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен[3].

Найдено 2 книг
Мұзтау.Қар қызы
2023
Оралхан Бөкей өр Алтайдың тамылжыған тұмса табиғатын, ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген...
Кербұғы
2003
Алтайдың жыршысы, асқақ рухты қаламгер Оралхан Бөкейдің шығармалары қаймана қазақтың...
Книг на странице: