Издатель: | Мазмұндама |
Жанры | Өлең - жырлар |
Авторы: | Әлімбай Мұзафар |
Страницы: | 240 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN13: | 9786012828948 |
Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Маралды атырабы, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы – 26 қараша 2017 жыл, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017 жылы дүниеден озды.
Арғын тайпасы Шегендік руы Қақсал бөлімінен шыққан.
Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.