Тау ішіндегі тауқымет

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Мазмұндама
Жанры Роман
Авторы:
Страницы: 360 страниц
Переплет: Твердый переплет
ISBN13: 9786017677671

Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы (1950 ж.) – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық «Жігер» жастар фестивалінің, Ж. Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Халықаралық сыншы-әдебиетшілер Ассоциациясының дипломанты, «Құрмет» орденінің иегері.

1950 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысыТарбағатай ауданыМаңырақ ауылында дүниеге келген. 1968 жылдан ауыл клубында меңгеруші болған. 1969-1973 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) филология факультетін тәмәмдаған. Әскери борышын өтеген соң, «Мектеп» және «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарады.

1980-1984 жж. Н. Ақыш «Қазақ әдебиеті» газетінде журналист, 1984-1986 жж. - «Жұлдыз» журналының қызметкері болған. Кейінгі жылдары «Қазақфильм» киностудиясында сценарист, «Қазақстан мұғалімі» газетінде, «Балауса» баспасында еңбек еткен.
Алғашқы әңгімелер жинағы «Қияда» 1972 жылы жарыққа шыққан. Шығармалары: «Жұмбақ іздер» (1980), «Үндемейтін ұл» (1982), «Қиырдан келген көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1986), «Таң алдындағы дабыл» (1987), «Необыкновенное лето» (1989), «Жатақхана қыздары» (1990), «Ұры қыздың тағдыры» (2001), «Алтынбектің балалық шағы» (2003), «Балалар елін бағындыру» (2005), «Зұлмат жылдары қазақ прозасында» (2005), «Бейуақта жанған от» (2010), «Момақан қыз» (2011), «Екі томдық таңдамалы шығармалары» (2011), «Қазақ мемуарлық романы» (2011), «Замана рухы» (2014), «Рақымсыз көктем» (2016) және т.б.

Оның балаларға арналған шығармалары мектеп оқулықтары бағдарламасына енген.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.