Болашақтың Бәйтерегі

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Мазмұндама
Жанры Хикаяттар мен әңгімелер
Авторы:
Страницы: 152 страниц
Переплет: Твердый переплет
ISBN13: 9786017817602

Тұрсын Жұртбай 1951 жылғы 15 тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында туған. 1969-1974 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1974-1976 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, 1976-1980 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының әдеби қызметкері, редакция меңгерушісі, 1980-1990 жылдары «Жұлдыз» журналының әдеби сын, проза, поэзия, очерк және публицистика бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлімінің (мұражай-үйінің) аға ғылыми қызметкері (1990-1992), бөлім (мұражай) меңгерушісі (1992-1996), ҚР ҰҒА-ның «М.Әуезов үйі» Ғылыми-мәдени орталығының директоры (1996-1998), Әдебиет және өнер институтының докторанты, аға ғылыми қызметкері (1998-2001). «Замандасым, сырласым» (1976), «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегімде жұмыр жер» (1980), «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер — бесік» (1985), «Бабочка под снегом» (орыс тілінде, 1990), «Талант Калибека» (1992, орыс тілінде), «Болашақтың бәйтерегі» (2007) атты көркем шығармалардың авторы. Бұл туындылар қаламгердің өзіндік жазу мәнері мен философиялық-лирикалық сыйпаты арқылы ерекшеленеді. «Бейуақ» (1990), «Дулыға» (1-2 кітап, 1994), «Кетбұға» (1996), «Бесігіңді түзе!», «Талқы» (1997), «Мухтар Омарханович Ауэзов» (түрік, орыс тілдерінде, Анкара,1997), «Күйесің, жүрек сүйесің!» (2001), «Бесігіңді аяла!» (2002), «Құнанбай» (2004), «Сүре сөз» (2005), «Дулыға» (қайта басылымы, 2007), «Ұраным — Алаш!..» (2007) атты деректі ғылыми-зерттеу кітаптары шықты. Тұрсын Жұртбайдың ғылыми жетекшілігімен «М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» (1997), «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» (1997), «Әуезов әлемі» (1997), «Абай жолы» роман-эпопеясының ғылыми-текстологиялық салыстырудан өткен басылымы (1997), М.О.Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағының 1-7 томдары (1997-2001), М.Әуезовтің «Ескермедім, қабылдамадым…» (1998) атты ашық хаттар жинағы жарық көрді және оның қатысуымен «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясы дайындалды.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.