Қырық мысал

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Мазмұндама
Жанры Өлеңдер
Авторы:
Страницы: 140 страниц
Переплет: Мягкий переплет
ISBN13: 9786013630304

«Қырық мысал – төл туынды». Ахмет Байтұрсынұлының ұшан-теңіз тағылымды еңбектерінің арасында «Қырық мысал» жинағының орыны ерек. 1909 жылы жарық көрген «Қырық мысал» аудармалар жинағын А.Байтұрсынұлы орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары негізінде аударғандығын білеміз. Әйтсе де, ұлт ұстазының аударған қырық мысалын оқып отырсаңыз, қазақ тіліндегі сөздік қордың молдығы мен тазалығына көз жеткізесіз. А.Байтұрсынұлы мысалдарды қазақы қалыппен баяндай келіп, халқымыздың бай фольклорымен, әсіресе, мақал-мәтелдерімен ерекше тұжырымдайды. Ақын мысалдарының түпнұсқадан анағұрлым көлемді болуына әрқайсының соңғы шумақтарына ғибраты мол түсінік беріп отыруы себеп болған. Мысалы, «Екі Бөшке» туындысында бірінде заты бар, ал бірі бос күйінде көшеде келе жатқандығы айтылады. Заты бар бөшкенің ақырын, ал бос бөшке болса елдің мазасын алып салдырлап келе жатады. Осыны айта келіп ақын 4 шумақты ғибратнама қалдырады. Соңғы түйінінде:

«...Байқамас оны ешкім жақындаспай,

Істес боп, ой сынасып, ақылдаспай.

Бөшкеде не зат барын кім біледі,

Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай?!»

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.