Издатель: | Алматы |
Жанры | Омыртқалы жануарлар |
Страницы: | 128 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN10: | 996524201 |
Қазақстанда алғашқы «Қызыл кітап» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1978 жылғы 16 қаңтардағы №20 арнайы қаулысына сәйкес жарық көре бастады. Қазақстанда шыққан алғашқы «Қызыл кітаптың» 1-бөлімі омыртқалы жануарларға арналды және оған 87 түр (балықтардың – 4, қосмекенділердің –1, жорғалаушылардың – 8, құстардың – 43 және сүтқоректілердің – 31 түрі) тіркелді. Ал Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көріп, ондағы түрлер 2 санатқа бөлініп берілді: оның біріншісі жойылып кету қаупі төнген түрлер болса, ал екіншісі сирек кездесетін түрлер.
Қазақстанның «Қызыл кітабының» өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабын» даярлауға сол кездегі ҚазССР Ғылым Академиясының Ботаника институтының және Бас Ботаникалық бағының көптеген көрнекті ғалымдары атсалысты. Олардың ішінен Б.А.Быков, А.Ж.Жанғалиев, М.С.Байтенов, В.А.Винтерголлер және т.б. атауға болады.
Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабына» (1981) еліміздің аумағында өсетін 307 түрі тіркелді. Онда жабық тұқымдылардың (гүлді өсімдіктердің) – 288 түрі, ашықтұқымдылардың – 2 түрі, қырықжапырақтардың – 3 түрі, саңырауқұлақтардың – 10 түрі және қыналардың – 1 түрі тіркелді. Олардың 20 түріне жойылып кету қаупі төнген, ал 287 түрі сирек кездесетін түрлерге жатады.
Жалпы ережеге сәйкес мемлекеттік «Қызыл кітаптар» әрбір 10 жылда өзгертіліп әрі толықтырылып отырылуы қажет.