Андерсен

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Shugylakitap
Жанры Ертегілер
Авторы:
Страницы: 480 страниц
Переплет: Твердый переплет
ISBN13: 9786017507985

Андерсен ертегілері қазақ тіліне де аударылды. Оның бастамашысы аудармашы Сасан Нұрғалимов болды. Ол танымал ертегішінің ел арасына кең тараған он бес ертегісін көркем тілмен аударып, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасынан 1951 жылы жеке кітап түрінде жариялады. Бұл кітап бүгінге дейін жас балалардың қызыға оқитын кітаптарының бірі.

Андерсен ертегілерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызыға оқиды. Себебі оның ертегілері әртүрлі жастағы, әртүрлі таптағы адамдарға арналған. Андерсен ертегілері адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған.

Ганс Христиан Андерсен 1805 жылдың 2 сәуірінде Фюн аралындағы Оденсе қаласында дүниеге келді. Андерсеннің әкесі Ханс Андерсен кедей етікші, ал шешесі Анна Мари кір жуушы болды. 1816 жылы әкесі қайтыс болып, Андерсен жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Алғашында ол тоқымашының, одан соң тігіншінің көмекшісі болып, кейіннен темекі фабрикасында жұмыс істеді. 14 жасында Андерсен Копенгаген қаласына аттанады. Анасы оны аз уақытта қайта оралар деген үмітпен жібереді. Үйін тастап, кетіп бара жатқан жас Ганстан анасы не үшін кетіп бара жатқандығын сұрағанда, ол еш ойланбастан: «Атақты болу үшін!» деп жауап береді. Ол өз мақсатына жетті. Адал еңбек, маңдай терімен танымал болды, өзін мойындатты. 

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.