Жанры | Повестер,хикаялар,эссе,естеліктер |
Авторы: | Тұрысов Еркінбек |
Страницы: | 390 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN10: | 9965773467 |
Жазушы Еркінбек Тұрысовтың "Темірлан" атты тарихи романы. Адамзат тарихында теңдесі жоқ қаталдығымен әлемге аян орта ғасыр әмірі Ақсақ Темірдің аяқталмаған ақырғы жорығы тұсында, бүгінгі Орта Азия мен Иран, Оңтүстік Қазақстан жерінде, бұдан алты ғасыр бұрын өткен оқиғалар жайында тарихи дерек, ел ішінде сақталған аңыздар негізінде автор жиһангер падишаһтың тұлғасын және оны қоршаған ортаның барша тіршілік-тынысын кең суреттейді. Шыңғысханнан кейін, оның сұрапыл жорықтарынан қалған өшпейтін ізін басып, ол аспаған аспан таулардан асып, Зұлхарнай (Македонский) жете алмаған Үндістанның көк да- риясына арғымағын суарған қаһарманның кемеңгер падишах, жауынгер қолбасы, жай қарапайым адам ретіндегі бейнесі де ашылмаған ақиқат, шешілмеген жұмбаққа толы. Романда Әмір Темірдің өмірі мен заманы, жосынды жорықтары жайында кеңінен әңгімеленеді.