Авторы: | Асқаров Әлібек |
Страницы: | 296 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN13: | 9786013318738 |
Жазушының бұл шығармаларында қарапайым ауыл тұрғындарының мол портреті жасалған. Олардың бастан кешкен оқиғалары да алуан түрлі әрі қызықты. Шығарма желісі үнемі әдемі әзілмен өріліп отырады. Сол арқылы оқушысын еріксіз езу тартқыза отырып, кейіпкерлердің ішкі трагедиясына үңілдіреді. Кеңес дәуірінде бүтін бір ұрпақтың бойына сіңіп қалған кейбір жағымсыз мінездерден арылуға үндейді.
Шығарма ауыл тұрмысын бейнелеуде боямасыз шынайылығымен ерекшеленеді.
Роман өткен ғасырдың соңындағы «қайта кұру» деп аталған реформалық өзгерістердің қазақ ауылына әкелген қилы-қилы әсерін әңгіме етеді. Әдемі әзіл, өткір юмор арқылы жазушы ауыл адамдарының алуан түрлі характерлерін ашады. Жеке адамның басындағы қызық та күлкілі оқиғалар арқылы жалпы қоғамды жайлаған трагедиялық ахуалдарды астармен нұсқап отырады.