Издатель: | Мазмұндама |
Страницы: | 288 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN13: | 9786017630157 |
Әр адам өміріндегі кез келген істе таңдау жасай алады. Алайда бұ дүние есігін ашпай тұрғанда маңдайына жазылған, таңдау жасай алмайтын екі жағдай орын алады. Оның бірі ата-анасы болса, екіншісі – тағдыры. Осы кітаптың әрі авторы, әрі кейіпкері Ник Вуйчичтің маңдайына ғажап тағдыр, айтулы ата-ана жазылыпты. Өмірге аяқ-қолсыз келген бейкүнә сәбидің тағдырына алаңдаған ата-ананың көңіл күйі және өз өмірі үшін күресе білген ғаламат қажыр-қайрат иесінің сәулелі бақытқа ұмтылған ғұмыры шынайы бейнеленген. Ник Вуйчич – табанды, еңбекқор, ақжарқын жан. Оның өмір жолынан әр адам өзіне қажет сабақ ала алады. Никтің бастан кешкендері мен жеке тәжірибесі еш бүкпесіз баяндалған бұл кітап өз өмірін өзгерткісі келетін жандарға арналған.