Сәулең болса кеудеңде

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Мазмұндама
Жанры Поэзия
Авторы:
Страницы: 212 страниц
Переплет: Твердый переплет
ISBN13: 9786018088681

«Сәулең болса кеудеңде...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Кел. 36 жол. Өлеңде ауыр ой мен ауырған шерлі жалғыздық көкірегіңде түн тұнған әрі заман қысымы тудырған мұңлы да өкінішті ой толғанысы жатыр. Абай ғұмыр кешкен заман - қазақ халқын ел билеу жүйесіндегі өзгерістер мен халықтың ой санасында орын алған ерекшеліктер, батыс пен шығыстың рухани қазыналарымен қоян-қолтық араласу жағы күшейе түскен кезең. Осы тұста дүниеге келген бұл елеңге ой кезімен үңіле қарасаң, сол заманның белгілерін анық аңғаруға болады. Қазақ қоғамындағы сырттан ендірілген, яғни таза отаршылдық мүдде тұрғысынан жасалған ел билеу жүйесіндегі бассыздық, шырық бұзарлық, анархистік құбылысты тудырып отырған сатылы болыстық сайлауға, қазақ елінің бірлігі мен рулық тұтастығын бұзуға негізделген болыстық сайлаудың территориялық принципіне қарсылығы көрінеді. Өлеңінің ең басты ой сарыны - «Единица - жақсысы, Ерген елі бейне нөл» ұғымында жатыр. Бүл жолдар арқылы Абай елді ақылмен, әділеттілікпен билеген жеке адамға, кемел тұлғаға ерекше мән береді. Ел басқару жүйесінде анархистік бассыздыққа жол бермейтін, елін береке, бірлікке бастайтын кемел басшыны аңсайды. Қазақ елін билеу жүйесіне отаршыл өкімет алдын-ала ұзақ даярлықпен келіп ендірілген болыстық сайлау жүйесі, шынында да, қазақ халқының бірлігін бұзып, берекесін кетіріп, тұрмыс жағынан мүлде әлсіреп, мінез-құлқы жағынан да азғындауға ұрындырды. Абай осы жағдайдың зардабын ұлылықпен терең сезінген. Өлең 7-буынды, ерікті ұйқаспен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының елеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1939, 1945, 1957, 1977жылғыжинақтардаөлеңніңЗ-жолы 1909 жылғы басылым негізінде «Егер сәулең болмаса» болып берілсе, бүл жол Мүрсейіт қолжазбаларында «Егер сәулең жоқ болса» делінген. 1939, 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда 34-жол Мүрсейіт қолжазбалары бойынша «Ел тыныш болса, жақсы сол» түріңде алынса, 1909 жылғы басылымда «Ел ит болса, жақсы сол», 1945 жылғы жинақта «Өз басындық болар сол»болып енген. 1909,1945,1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда және Мүрсейіт қолжазбаларыңда 22-жол «Сулай алмас жазғы төл», ал 1939жылғы жинақта бұл жол «Шулай алмас жазғы төл». Туынды ағылшын, араб, белорус, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.