Издатель: | Фолиант |
Авторы: | Әбубәкіров Оспанхан |
Страницы: | 128 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN13: | 9786012713084 |
Оспанхан Әубәкіров — жазушы, ақын, қазақ сатирасының классигі. Балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса жазған. Ең алғашқы кітабы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрген. Мұнан соң «Бытпылдақ», «Солақай», «Жасыратын не бар», «Күлкіңіз келе ме?», «Сүзеген сөз», «Сиқыр», «Ымды білесіз бе?», т.б. әңгімелер жинағы бар. «Қағаз қалпақ» кітабы үшін Жазушылар одағының сыйлығын алған.
Бұл жинаққа қаламгердің өлеңдері, ертегісі және жаңылтпаштар мен жұмбақтары кірді. Әзіл-мысқылға бай шығармаларынан балалар жақсы мен жаманның арасын ажыратып, сөздік қорын молайтады. Олардың игі істерге құлшынысын арттырып, ізгілікке баулиды.