Қар астындағы көбелектер

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Алматы "Қайнар"
Жанры Роман - хикачт, хикаяттар
Авторы:
Страницы: 320 страниц
Переплет: Твердый переплет
ISBN13: 9786012120035

Жазушы Тұрсын Жұртпайдың прозалық шығармаларының екінші томына оның «Қар астындағы көбелек» атты үштаған роман-эссесі мен «Шилі өзен қамыс – ай, «Мөлдір көз» атты хикаяттарының басы қосылып, оқырман қауымға ұсынылып отыр. Өзінше ғана кішкене тағдырға ие, қуанышы мен мұңы бар балаға тән бақытты да қиын ғұмырды басынан кешкен жасөспірімнің өмірге деген құштарлығы, адамдардың арасындағы шуақты жылы сезімдер жастық леппен баяндалады.
Туындының басты кейіпкері ана мейірімінен ерте айырылған бала Жарас əке-шешенің бауырында асыр сап ойнап, еркін балалық, риясыз күлкі, уайымсыз тəтті қиялдар, қаймақсыз нан жемейтін ерке ғұмыры көбелектің бақытты шағымен тең. Қылышын сүйретіп, қары қалың қыс қоныс тепкенде көбелек қызылды жасылды қанаттарын сермей алмай қорғансыз қалған тағдыры, Жарастың армансыз кезі көзінен бұлбұлдай ұшып, шешесін қара жердің құшағына тапсырып, жетімдіктің кермек дəмін татқан, жақындары жанашырлары басына əңгіртаяқ орнатқан суық, сұсты тағдыр көбелек ғұмырындағы қара қыспен тең. Десек те бала Жарас сол бір қар астында бүрсеңдеп жатқан көбелектің қорғансыз тағдырына арашашы болып, дəл сол көбелектің орнында өзін, өзінің қатал тағдырын көрді. Оған жан жылуын беріп, сақтағысы келді. Тұрсын Жұртбайдың шығармасына келсек: "сол сəтте анығын білмесемде, қар астындағы көбелектің көктемге аман-есен ілінетініне сендім, мүмкін сенгім келген шығар, бірақ сендім. Егер оған көзім жетпесе, күдік билесе маған өте ауыр тиер еді. Өзің жабырқап жүріп, жаураған жанға жылуыңды бергенде үмітіңнің ақталмағаны қандай өкінішті".
Үмітсіз шайтан ғана демекші, болашаққа сол көбелектің аман шығарына деген үміт, сол көбелекпен бірге жетімдіктің ащы таяғын тұщы етіне тигізіп жүрген Жарастың үміт сəулесін сөндірмеді, сендірді.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.