Белгілі қаламгер Жанат Елшібектің оқырмандар назарына ұсынып отырған жаңа жинағы екі бөлімен тұрады. Оның алғашқысында Тәуелсіздік жылдары әкелген ғажайып өзгерістер мен ізгілікті нышандар,еңсе көтерген егеменді еліміздің тіршілік -тынысы жөніндегі жазбалары топтастырылған.Атақты ақын-жазушылардың ,өнер қайраткерлерінің шығармашылықәлемі хақында сыр шертетін деректі әңгімелері, әдеби портреттері мен эсселері енгізілген келесі бөлім де кңіл аудартады.кітаптағы өзекті де толғақты тақырыптарды тілге тиек еткен туындылардың қай-қайысы да жазушының өзіндік дара қолтаңбасын көрсететін айшықты деректерге мол,шығармалардың тілі көркем әрі шұрайлы.