ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Атамұра
Страницы: 288 страниц
Переплет: Твердый переплет
ISBN10: 9965341883

Саясат сойылын соғып жүрген сарапшылар мен мамандар жаһан жұртшылығына танымал болған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Қазақстан Президентінің бүкіл әлем халқы мен көшбасшыларына арналған тарихи жолдау екенін алға тарта, өз ойларын екшелей түті. Бұл ретте, манифест Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжаты атанғанын баса айта кету керек. Қарусыздану мәселесі бүкіл адамзат үшін ортақ мәселе екенін ескере отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшелігіне сайланған Қазақстанның саясаткерлері қару-жараққа тыйым салу түйткілін талқылады.

«Ядролық ғасырдан азат болашаққа» деген тақырып аясында Қазақстанның ядролық сынақтарға дейінгі және одан кейінгі өмірін, ядролық қарудан бас тартқанға дейінгі және бас тартқаннан кейінгі әлем алдындағы беделін салыстырып келген Халықаралық Түркі академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов ядролық қару бір ғана ел үшін емес, бүкіл адамзат үшін аса қатерлі «ойыншық» екенін айтты.

«ХХ ғасырда жаппай қырып-жоятын ядролық қарулар тек АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция секілді елдердің ғана уысында болса, бүгінгі таңда ондай тажал қару шығаруға техникалық мүмкіндігі жеткілікті мемлекеттердің саны 40-қа жетіп отыр және олардың арасында экономикалық тұрғыдан әлсіз елдер де баршылық. Бұл қай тұрғыдан болсын, өте қауіпті сын-қатер екені дау туғызбайды. Өйткені, түптің-түбінде ол күллі өркениет пен адам баласының тегіс жойылып кетуіне апаратын тұйық та қатерлі жол. Сондықтан, үстіміздегі жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мұндай соғыс басталса, одан бірде-бір мемлекеттің аман қалуы мүмкін емес және бүгінгі таңда лаңкестердің ядролық қаруға қол жеткізу мүмкіндігі нақты шындыққа айналды. Мұндай жағдайда әлем лидерлері күш біріктіріп, аталған сын-қатермен бірге күреспесе, тым кеш болады» деген болатын Вашингтонда өткен төртінші Ядролық сынаққа қарсы саммиттің мінберінен сөйлегенсөзінде»,-дейді Ә.Ахметов.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.