Издатель: | Атамұра |
Жанры | Өлеңдер |
Авторы: | Сейфуллин Сакен |
Страницы: | 224 страниц |
Переплет: | Твердый переплет |
ISBN10: | 9565059012 |
Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы:
Саяда бір көл бар еді.
Сырлы кесе аясы.
Маржан құмы, күміс суы
Көл еді кең айнадай:
Мұнарытқан торғын буы,
Көк кестелі айнала.
Қалың топ-топ, алшық-сирек
Жасыл қамыс дестесі:
Бейне қолмен салған ирек
Көлдің жасыл кестесі.
Әдемі еді мөлдіреген
Айна көлдің көрнегі;
Су бетінде елбіреген
Ақ шашақтар өрнегі.
Пай шымылдық, жасыл құрақ
Қалың біткен ту құрақ.
Кейде аққулар жасырынад,
Шымылдыққа судырап.
Айна көлді мекен еткен,
Бір-екі аққу бар еді.
Мақсұтына бірге жеткен,
Екі ғашық жар еді.
Айна көлдің суы күміс,
Жұбай аққу көркі еді,
Көрсе көзін алар тыныс,
Екі сәулем ерке еді.
Көлдің басы ертелі-кеш,
Мың құбылған ән еді.