Елубай Смағул

Смағул Елубай

Смағұл Абатұлы Елубаев (9 наурыз 1947 жыл, Шаржоу облысы, Түрікменстан) — жазушы, кинодраматург, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Смағұл Елубаев 1947 жылы Түркменстанда өмірге келген. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Алматыдағы 12 мектепте оқыған. 1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1974-1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер дайындайтын жоғарғы курсын бітірген.

Еңбек жолы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • 1976-1992 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактордың орынбасары;
  • 1992-1995 жылдары республикалық "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналының бас редакторы;
  • 1995-2004 жылдары Прагадағы "Азаттық радиосының" журналисті;
  • 2008-2010 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы;
  • 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры.

Әдеби еңбектері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • "Ойсыл-Қара" (1972), Алматы;
  • "Саттар соқпағы" (1974), Алматы;
  • "На свете белом" (1982), Москва;
  • "Жарық дүние" (1978), Алматы;
  • "Ақ боз үй" (1990),роман, Алматы, бірнеше қайта басылды;
  • "Одинокая юрта" роман бірнеше рет орысша басылды;
  • "Мінәжат" (1992) роман, Алматы;
  • "Жалған дүние" (2000) роман, Алматы;
  • "Қиямет-қайым ғасыры" (2015) ойтолғау, Алматы;
  • "Ақ боз үй" (2017) 2 томдық таңдамалы;
  • "Lonely yurt" (2016) ағылшын тілінде, Нью-Йорк.
  • "Una yurta solitaria" (2018) испан тілінде, Астана.
  • "Arasat meidany" (2017) түрік тілінде, Анкара.

Көркем фильмдер сценарийілері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • "Қызыл отау" (1982);
  • "Ай астындағы үй" (1983);
  • "Өтелмеген парыз" (1983):
  • "Сұрапыл Сұржекей" (1992), Ашхабадта өткен ТМД кинофестиалінің бас жүлдесі;
  • "Батыр Баян" (1992);
  • "Кек" (2004);
  • "Аңшы бала" (2012), Голливудта өткен IFFF кинофестивалінің бас жүлдесі;
  • "Алмас қылыш" (2016);
  • "Қазақ хандығы" телесериалы (2016);
  • "Оазис" (2016);
  • "Бала ғашық" (2018);
  • "Алтын тақ" (2019);
  • "Ақ боз үй" (2021).
Найдено 2 книг
Ақ боз үй
2021
Қазақтың көрнекті жазушысы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы цензураның қылышынан...
Ақ боз үй
2008
Триологияға кешегі кеңестік кезеңдегі қазақ халқының жазылмаған шындығы, айтылмаған...
Книг на странице: