Тәтімов Мақаш

Мақаш Тәтімов

Мақаш Байғалиұлы Тәтімов (30 сәуір 1940Алматы облысы Талғар - 16 сәуір 2016Алматы) – демограф-ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты (1970), саясаттану ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері. Талғар қаласының Құрметті азаматы.Арғын тайпасының Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.

Ол Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері болды. 1970-1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық иннститутының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясаты жөніндегі кеңестің (1992-1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі, 1997 жылдан бері Орталық Азия университетінің ректоры болды.

Тәтімов — көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған, Талғар қаласының құрметті азаматы.

Найдено 1 книг
Қазақ әлемі
1993
кітапта қазақ хандығының құрылған кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі демографиялық...
Книг на странице: