Сүлейменов Олжас

Олжас Сүлейменов

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері (18.05.2016 ж.) [1]

1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Айдабол атасынан шыққан.[2]

1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.

196271 жж. Казахстанская правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық-редакциялық алқасының бас редакторы, Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.

197181 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды.

198183 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.

198391 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.

1989 ж. ақпанында халықаралық Невада-Семей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.

1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.

1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.

199495 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.

Найдено 2 книг
Собрание сочинеий
2004
Алматы: Атамұра, 2004. — 384 с. — ISBN: 9965-05-997-7. Теперь уже мало кто сомневается...
Книг на странице: