Мүсірепов Ғабит

Ғабит Мүсірепов

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы.

Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты.

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан[1].

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.

Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты.

1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;

1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде;

1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде;

1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде;

1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде;

Найдено 2 книг
Өмір жорығы
2023
Ғабит Мүсірепов - сөз өнерін жете игеріп, көркем сөзбен өрнек салуда шеберлігімен...
Ұлпан
2003
Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға...
Книг на странице: