Сейфуллин Сәкен

Сәкен Сейфуллин

Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезіАқмола облысыРесей империясы – 25 ақпан [1] 1939АлматыҚазақ КСРКСРО) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Арғын тайпасының Қуандық руының Есентемір бөлімінен[2].

Білім алуы

1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.

«Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.

1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.

Найдено 2 книг
Аққудың айрылуы
2003
Кітапқа ақынның белгілі өлеңдері, "Көкшетау" поэмасы, "Қыр балалары", "Бандыны қуған...
Сыр сандық
2022
Сәкен — қатал күрес үстінде шынығып өскен ақын. Ол өзі белсене араласқан әдебиет...
Книг на странице: