Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1901 жылы 13 сәуірде туған[1], Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 1973 жылы 18 сәуірде қайтыс болған, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы[2].
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Керей тайпасының сибан шимойын руынан шыққан.[3][4][5]