Нығмет Ғабдуллин (1927–2005) - 26 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туған.
1950 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін үздік бітірген.
1950–1962 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында істеген.
1964–1966 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1966–1969 жж. Бас редакторы болды. 1969 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы педагогика институтында ұстаздық еткен. Профессор.
1964 жылы «Ғабит Мүсіреповтің драматургиясы» деген тақырыпта кандидаттық, 1972 жылы «Қазіргі қазақ прозасында жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.