Елікбаев Серік

Серік Елікбаев

Ақын, жазушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Toraighyrov University қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры. 2023 жылы 12 сәуірде Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды.

1969 жылғы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келді. 1994 жылы Семей педагогикалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аспирантурасын бітірді.

 1994 жылдан 1996 жылға дейін Семей педагогикалық колледжінің оқытушысы, 1996-1997 жылдары Екібастұз педагогикалық колледжінің оқытушысы, 1997-2004 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. 2004 жылдан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы аймақтық әдебиеттану орталығы директорының орынбасары, институт проректоры болып қызмет атқарды.

Қазіргі уақытта ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. 1999 жылы «Назым» өлеңдер жинағын, 2002 жылы «Қазақ өлең өрнектері» атты ғылыми-әдістемелік құрал шығарды. 2001 жылы оның өлеңдері «Жас ақындар антологиясы» жинағына енді. Бірнеше ғылыми еңбектердің, оқу құралдарының, орта мектепке арналған оқулықтардың, сонымен қатар 2018 жылы басылып шыққан «Қанжығалы Бөгенбай» тарихи романы мен 2021 жылы жарық көрген «Мәшһүрдің мұңы» атты романының авторы. 2000 жылы «Шабыт» халықтық фестивалінің бас жүлдесін иеленді.

Найдено 0 книг
Книг на странице: