Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков (2 тамыз 1952 жыл, Шу) - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы [1], саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.
Арғын тайпасының Қаракесек руының Шұбыртпалы бөлімінен шыққан.
- Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист.
- Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады.
- 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
- 1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді.
- 1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
- 1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті.
- 1990 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Мемлекет басшысының Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі.
- 1996 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, ал кейіннен бастығы қызметін атқаруда..