Анатолий

Анатолий

Анатолий Федорович Ковшарь (17.3.1937 жылы туған, Украина, Полтава қаласы) – биология ғылымының докторы (1980), профессор (1993).

  • 1969 - Харьков университетін бітірген.
  • 1959-1967 - Ақсу-Жабағылы қорығында аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары болды.
  • 1967 жылдан Қазақстан ҒА-ның Зоология институтында лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Негізгі ғылыми еңбектері Тянь-Шань құстарының экологиясына, қорық ісіне, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мәселелеріне арналған. 5 томдық «Қазақстан құстары» (орыс тілінде) жинағы (1960–74) авторларының бірі. Осы еңбек үшін ол басқа авторлармен бірге Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1978) атанды. Ковшарь Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастырушылардың бірі және бас редакторы (1996), зоология мәселелеріне арналған «Селевиния» журналының бас редакторы (1995).

Найдено 0 книг
Книг на странице: