Құрал Көмекұлы – ақын. 1958 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
«Бөрілерге гипотеза» атты жаңа жыр жинағы шыққан.
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Президент сыйлығының иегері, ақын Сабыр Адай Құралдың жырлары туралы: «Өлеңдері өзіндік өрнектерімен, Құрал ақынға тән бөлек стилімен ерекшеленеді. Өмірді өлеңмен оятқан ақын пәлсапасы да адамды ойландырмай қоймайды» дейді.
Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, «Бір өлең – бір сурет» конкурсының, «Темірқазық түнгі кітапхана» әдеби клубтарының идеялық авторы. «Ой туындылар» фестивалінің бірінші деңгейдегі жүлдегері. 2013 жылы Түркияда «Мен даланың ұлымын» поэмасы Халықаралық Физули атындағы сыйлықты жеңіп алды. 2013 жылдың «Үздік ақыны» номинациясының иегері атанған..