Максим Горький, сол сияқты Алексей Максимович Горький (туған уақытында Алексе́й Макси́мович Пешко́в есіміміен танымал; 16 (28) наурыз 1868, Төменгі Новгород, Ресей империясы — 18 маусым 1936, Горки[1], Мәскеу облысы, КСРО) — орыс жазушысы, прозаик, драматург.
Алексей Пешков ұста Максим Савватьевич Пешковтың (1839—1871) жанұясында Нижний Новгородта дүниеге келді. Анасы Варвара Васильевна(1842-1879) Кашириннен шыққан. Горькийдің атасы Савватий Пешков офицер шеніне дейін қызмет етіп, «төменгі шенділерге қатаң қарағаны үшін» шені төмендетілді және Сібірге жіберілді.
Максим өгей әкесінен бес рет қашып, 17 жасында үйден біржола кетті.Әкесі холерадан дүниеден өтті.Себебі,Максим әкесін осы аурумен жұқтырған.Анасы екінші рет тұрмысқа шықты. Горький ерте жетім қалып, балалық жылдарын өзінің атасы Кашириннің үйінде өткізді (қараңыз «Домик Каширина»). 11 жасынан бастап «адамдарға» баруға мәжбүр болды: дүкенде «бала», кемеде буфетті ыдыс жуушы, наубайханашы болып жұмыс істеді. Шеберханада икон жазуды үйренді.
1884 жылы Қазан Университетіне түсуге талпынады. Маркстік әдебиет пен насихат жұмысымен танысады. 1888 жылы Н. Е. Федосееваның үйірмесіне байланысты қамауға алынды. Полицияның үнемі қарауында болды. 1888 жылдың қазан айында Дробинка станциясындағы Грязе-Царицино темір жолына күзетші етіп жіберілді. Дробинкадағы алған әсері «Сторож» ("Қарауыл") және «Скуки ради ("Іш пысу үшін")» автобиографиялық әңгімелері үшін негізгі қызмет атқарды.
1889 жылдың қаңтар айында өзінің келісімімен (өлеңмен жазылған) Борисоглебск станциясына ауыстырылды, кейін Крутая станциясына таразышы болды.
1891 жылдың көктемінде ел аралап, Кавказға дейін жетті.