ексұлтан Нұржекеев - 1941 жылы 22 ақпанда бұрынғы Талдықорған облысының Жаркент ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң, екі жыл «Көктал» қой кеңшарында жұмысшы болып істеген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің фило- логия факультетін бітірген. 1965 – 68 жж. Талдықорған облысының Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1968 – 69 жж. Панфилов аудандық комсомол коми тетінің екінші, бірінші хатшысы, 1969 – 72 жж. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1972 жылы «Жалын» альманахы проза бөлімінің меңгерушісі, 1973 – 76 жж. «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болды. 1976 – 79 жж. «Жалын» баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1989 – 92 жж. «Парасат» журналының бас редакторы болды. 1992 жылдан «Жалын» баспасының директоры.