Ахметова Күләш

Күләш Ахметова

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 

1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған.Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973–1977 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977–1980 жж. «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды. 

Марапаттары

1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді

2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Найдено 1 книг
Құт
2020
Құт — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы қасиетті ұғым . Құт сөзі ертедегі Орхон...
Книг на странице: