Сейдімбек Ақселеу

Ақселеу Сейдімбек

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (12 желтоқсан 1942Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданыҚарағанды облысы - 16 қыркүйек 2009 жылАстана) – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен. Орта жүздің Тарақты руынан.[1]

  • 1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, комсомолдық жолдамамен ҚызылтауАқтау кеңшарларының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді.
  • 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп 1963-64 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. Ол Әл-Фараби атындағы университеттің «Журналист» газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар» қолжазба журналының бас редакторы, Мәскеудегі қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
  • «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975)
  • Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975-1976)
  • 1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
  • 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
  • 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
  • 1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
  • 1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
  • 1999 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.[2]

Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.


Найдено 1 книг
Аққыз
2002
Жинаққа жазушының оқырман қауым ықыласына бөленген "Күзеуде", "Аққыз" сияқты...
Книг на странице: