Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (14 наурыз, 1935 жылы Катонқарағай ауданы, Топқайың - 13 тамыз, 2014 жылы Алматы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Аягөз ауданының және Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы.
Қалихан Ысқақұлы 14 наурыз, 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген.
1952 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің «Филология» факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шығады.