Франц Кафка (нем. Franz Kafka[1], чех. František Kafka, 1883, 3-ші Шілде, Прага, Австро-Венгрия — 1924, 3-ші Маусым, Вена, Австрия) — XX ғ. — неміс тілді Богемиялық роман-әңгіме жазушы, ХХғ әдебиетінің аса ықпалды тұлғасы. Оның шығармалары реализм мен фантазия элементтерін біріктірген.[2] Оның оқшауланған кейіпкерлері әдетте оспадар, сюрреалистік тығырық пен түсініксіз әлеуметтік-бюрократиялық күштерге тап келеді. Олар әдетте жатсыну, экзистенциалды мазасыздық, кінәлілік және абсурдтық тақырыптарын іздеу деп түсіндіріледі.[3] Жазушы жұмысының көпшілігі қайтыс болғаннан кейін жарияланған болатын. Оның ең танымал шығармалары: «Метаморфоз» («Die Verwandlung»), "Процесс" ("Der Process") және Қамал (Das Schloss) қатарлылар. Батыстық терминологияда "Кафкаша" дегенді білдіретін "Kafkaesque" сөзі Кафка шығармаларында кездесетін жағдайларды сипаттау үшін қолданылады.