Франк Анна

Анна Франк

Анна Франк (нем. Anne Frank [ˈʔanə ˈfʁaŋk] Файл жайлы ақпарат тыңдаунидер. Anne Vrank [ˈʔɑnə ˈfrɑŋk]; шын есімі — Аннелиз Мария Франк (нем. Anneliese Marie Frank [ˈanəˌliːs maˈʁiː ˈʔanə ˈfʁaŋk] Файл жайлы ақпарат тыңдаунидер. Anneleese Marie Vrank [ˈɑnəˌlis maːˈri ˈʔɑnə ˈfrɑŋk]); 12 маусым 1929 — наурыз айының басы 1945) — еврей қызы, Германияда туған. Гитлер билікке келген соң нацисттік террордан отбасымен бірге Нидерландта тығылып жүреді. Ол танымал «Анна Франк күнделігінің» авторы. «Анна Франк күнделігі» нацизмді айқындап суреттейтін документ. Бұл кітап кішкентай қыздың тағдырын миллиондаған адамдардың қайғысымен біріктіре алғандықтан бірден әлемдік бестселлерге айналды. 


Анна Франк 1929 жылы 12 маусымда Франкфурттегі Отандық Әйелдер Қауымдастығы ауруханасында, «Эшенхеймер» зауыты кезінде, еврей отбасында дүниеге келді. Анна Франктың әкесі, Отто Франк бұрын офицер болып, кейін жұмыс беруші болып қызмет атқарды. Ал анасы, Эдит Холлендер Франк, үй шаруасымен айналысты. Сонымен қатар Анна Франктың 1926 жылы 16 сәуірде дүниеге келген әпкесі Марго Франк болды.

Франктар еврей-либералдар тегіне жататын еді. Олар ассимиляцияланып жатқан еврейлік және еврейлік емес қоғамда өмір сүріп, көбінесе католиктер мен протестанттар арасында өмір сүргендіктен, иудаизмнің әдет-ғұрыптарын дұрыс сақтамайтын болды. 

Адольф Гитлер билікке келіп, НСДАП  партиясы 1933 жылы Франкфуртте өткен муниципальды сайлауда жеңгеннен кейін, Отто Франк Амстердамға көшіп, «Opekta» акционерлік қоғамының басқарушы лауазымына ие болды. Cол жылдың қыркүйегінде Амстердамға Эдит, желтоқсанда Марго, ал 1934 жылы Аннаның өзі де көшіп келеді.

Анна 6 жасқа дейін Монтессори мектебінің жанындағы балабақшада тәрбиеленді, кейін сол мектептің өзінде білім алды. Бұнда ол алтыншы сыныпқа дейін оқыды да, Еврейлік лицейге көшті

Найдено 1 книг
пана:Хат түріндегі күнделік
2020
Бұл – он бес жасында неміс концлагерінде қаза тапқан Анна Франктің Амстердамда...
Книг на странице: