Бизақов Сейдін

Сейдін Бизақов

Сейдін Бизақов (26 қараша 1937 жылы, Алматы облысыРайымбек ауданыСүмбе ауылында туған) – филология ғылымының докторы (2001 жылы)Қазақ Педагогика Институтының (1960 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) тарих-филология факультетін және Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972 жылы) бітірді. 1968 жылға дейін Райымбек ауданы, Сүмбе ауылы орта мектебінде оқытушы болды. 1972–75 жылдары[1] Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, 1975–85 жылдары Қазақ политехника институтының Қаратау бөлімшесінде кафедра меңгерушісі. 1985 жылдан Тіл білімі институтының жетекшісі, 2001 жылдан бас ғылыми қызметкері. Бизақов қазақтың ұлттық тақта ойынын дамытуға ат салысып, «Тоғызқұмалақ әліппесі» оқулығын жазды. Ол туысқан халықтардың тілі, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған бірнеше ғылыми-танымдық кітаптың авторы. Негізгі ғылыми жұмыстары қазақ тілі мәдениеті, әдеби норма, лексикографияэтнография мәселелеріне арналған. 300-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған.[2]

Шығармалары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. «Тоғызқұмалақ әліппесі», Бизақов С. - Алматы

2. ''Синонимдер сөздігі", Бизақов С. - Алматы : Арыс, 2007. - 640 б. - ISBN 9965-17-465-2 : 750.00 р., 2000.00 р.

3. «Түбі бір түркілер», Бизақов С. - Алматы

4. "Қазақ тілі қандай тіл?", Бизақов С. - Алматы: Арыс, 2010.- 429, [3] б. - ISBN 978-601-291-001-8: 860т.00т., 1000 дана.

Сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Бизақов жазған мақала

2. Бизақов жазған мақала "Сүйген ісінің семсері еді"

Найдено 1 книг
Синонимдер сөздігі
2007
ұлғасы басқаша болғанымен, мағынасы бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла...
Книг на странице: