Жоан

Жоан

Жоан Роулиң (ағылш. Joanne Rowling) — Ж. К. Роулиң (J. K. Rowling) және Роберт Гэлбрейт (Robert Galbraith) жасырын аттарымен танымал британдық жазушы.Оның сиқыршы Хәрри Поттер туралы кітаптары бірнеше марапатқа ие болып, 500 миллион дана көлемінде сатылды. Кейін олар тарихтағы сатылымы ең мол кітаптар сериясына айналып, тарихтағы ең кассалық фильмдер сериясының оқиға желісіне негіз болды. Роулинг сценарийлерды бекітіп және соңғы бөлімнің продюсері бола тұра, бүкіл шығармашылық процессті өзі басқарған.

Хәрри Поттер басынан өткізген шытырман оқиғалары жайында роман жазу туралы ой жазушыда 1990 жылыМанчестерден Лондонға дейінгі пойыздағы сапары кезінде пайда болды. Сол кезеңде Джоан Халықаралық ғылыми қызметкер мен хатшы-аудармашы лауазымын атқарды. Келесі 7 жыл аралығында Роулиңтің анасы көз жұмды, Жоан жұбайымен ажырасып, кедейшілік зардабын шекті. Бірақ 1997 жылы жарық көрген «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» жазушыға әл-ауқат пен танымалдылық сыйлады. Нәтижесінде, Жоан алғашқы кітабына 6 сиквел және үстеме ретінде 3 қосымша кітап жазды. Серияның соңғы кітабы - «Хәрри Поттер және Қарғыс атқан бала» деп аталды. Осыдан кейін ол агенттігімен қош айтысып, ересектерге арналған әдебиетті жаза бастайды. 2012 жылы Роулиң «Кездейсоқ қызмет» атты кітап жарыққа шығарды. Жоан «Роберт Гэлбрейт» жасырын атымен «Көкектің үндеуі» (2013) және «Жібек иіруші» (2014) криминалдық романдарын жазады.

Ол Ұлыбританиядағы ең сатылымы мол жазушы. Жоанның сатылымдары 238 миллион фунт стерлиңтен асады. 2008 жылы Sunday Times Rich List Роулиңті Ұлыбританияның ең әл-ауқатты әйелдерінің тізімінде 12 орынға орналастырып, дәулетін 560 миллион фунтқа бағалады. 2007 жылы Forbes Роулиңті ықпалдылығы жөнінен 48-ші даңқты адам ретінде бағаласа, ал Time журналы жазушының өз жанкүйерлеріне сый ететін әлеуметтік, саяси және адами қолдауын есепке ала отырып, Жоанға Жыл тұлғасы номинациясында 2-ші орынды береді. 2010 жылдың қазан айында Роулиң жетекші журналдар редакторларымен «Ұлыбританиядағы ең ықпалды әйел» атанды. Сонымен қатар, Жоан GingerbreadMultiple Sclerosis Society of Great Britain және Lumos секілді ұйымдарды қолдап, филантроптық әрекеттерімен көзге түсті.

Найдено 3 книг
Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас
2021
Қынаағаш көшесіндегі төртінші үйде тұратын Хәрри Поттер хогуартс туралы естіген емес...
Хәрри Поттер мен от сауыт
2021
Чемпиондар осы оқу жылында үш тапсырма орындайды: оларды түрлі сынақ күтіп тұр…...
Хәрри Поттер мен Шалақан ханзада
2022
Сиқыр министрлігі Волдемортпен шайқаста әлсіреп қалады . Тіпті маглдардың өзі бұл...
Книг на странице: