Дюма Александр

Александр Дюма

Александр Дюма (фр. Alexandre Dumas, père24 шілде 1802Виллер-Котре — 5 желтоқсан 1870, Пюи)  - қызықты романдары арқылы бүкіл әлемге танылған француз жазушысы. Ол романтикалық пьесалар мен көптеген тарихи романдар жазған. Сонымен қатар драматург , әрі журналист болған. Өз ұлының да есімі Александр және ол да жазушы болғандықтан , түсініспеушіліктің алдын алу мақсатымен бұл жазушы туралы айтылғанда "-әкесі" атауы қосылады.

Дюманың пьесасы комиссар Комеди Францез барон Тейлорға ұнады, оның көмегімен Дюма пьесаны толықтырады деген шартпен қабылдады. Алайда үйреншікті классикаға көнген, драманың қойылымына күшті мадмуазель Марс қарсы болған. Жас автор оның пьессасына түзетулер енгізуге бас тартқанда, мадмуазель Марс «Кристинаны» Комеди Франсез сахнасына көрсетпеуі үшін бәрін жасады. Дюма анасын және заңсыз некеден туған ұлын Александр асырау үшін, жаңа тақырыппен пьеса жазады. «Генрих ІІІ және оның ауласы» драммасы 2 айда шығарылды. Комеди Францез актерлері пьесаны оқығаннан кейін, Мелани Вальдор салонында оны кезектен тыс қабылдауды сұрады. Алғашқы қойылым 1829 жылдың 10 ақпанында сәтті өтті және романтиктердің жеңісі болды, әзірге дейін театрда классицизмнің ығы деп саналады. Дюма әйгілі Арсеналдағы Нодье салонында әрдайым баратын болды, онда жаңа романтизм мектебінің өкілдерді жиналған. Оның «Антони» пьессасы өз өміріндегі жағдайларына байланысты болды, Дюма поэтесса Мелани Вольдорға ғашық болып, оны Адель д’Эрве образында шығарған. Драманың прьемерасы 1931жылдың 3 мамырында Порт-сен-Мортен театрында, Дорвал және Бокажбен басты рөльдерде , «Эрнани» прьемерасындай шу шығарды. Дюманың пьесасы көркем жетілген пьессалардан айырмашылығы болған жоқ, бірақ ол бірінші актіден соңғы актіге дейін көрерменнің көңілін ұстай білді және шымылдық артынан сөздерімен көңіл тарта білді. Жарнамаларда оның аты театр директорларына табысқа келу, ал драмматургтарға ең жайсыз пьессаларын табысқа келтіруге арқылы авторлас болды. 1830 жылы Францияда Шілделік революция болып, Карла Х тайдырып буржуазиялық патшалық бекітті.

Найдено 0 книг
Книг на странице: