Кәкішұлы Тұрсынбек

Тұрсынбек Кәкішұлы

1973 жылдың 2-қаңтар күні Совет Одағының батыры, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллин кенеттен қайтыс болды. Сол күні емханада екеуіміз кездестік, бірнеше сағат бірге болғанбыз. Әзіл-қалжыңға келгенде Мәкең ешкімді алдына салмайтын жаны жұмсақ жан еді ғой. Қарапайымдылықты Сәбеңнен үйреніп алған шығар деген ой өзіме талай келгенін жасыра алман, өйткені біреудің өтініш-тілегін орындауға айырықша құштарлық білдіретін. Сап-сау көрген Мәкең сағат төртте жоқ болып шыға келді. 5 қаңтарда Мәліктің қаралы жиынында Сәбең сөйлегенде «Ағайын-туыстар, жора-жолдастар, хал қиын, бүкіл өн бойым толған жас, қайғы-шер», – деп ары қарай ойын жалғап кеткені зират басында болғандардың есінде шығар. Мәкеңді жерлеп келген түнде жүрегім қатты ауырып, аяғымен барған адамды дәрігерлер қыбыр еткізбей, ауруханаға жатқызып қойды. Жүрек кеселі уысынан шығармайтын пәле екен, бір жарым ай емделіп, онан әрі «Алматы» санаторийіне кеттім
Найдено 1 книг
Сәкен аялаған арулар
2003
Сәкен жөнінде жарты ғасырдан бері талай ізденіп, он шақты кітап шығарған професор...
Книг на странице: