Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов (7 мамыр 1940 жылы туған, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты Орталық Азияның ортағасырлық тарихы мен деректану мәселелері. Орталық Азияның (Шығыс Түркістан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) тарихы, мәдениет тарихы мен дерекнамасы жөніндегі 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, олардың 16-сы монографиялар. Бірнеше кітабы жапон, түрік және неміс тілдеріне аударылған